Рыбакина: «Страсбургке қайта келіп, жеңіске жеткеніме қуаныштымын»

Рыбакина: «Страсбургке қайта келіп, жеңіске жеткеніме қуаныштымын»

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Страсбургтегі турнирде топ жарғаннан кейінгі алғашқы пікірін білдірді. Финалда ол ресейлік Людмила Самсонованы 6:1, 6:7, 6:1 есебімен ұтты.

«Людмиланы керемет аптасымен құттықтағым келеді. Парижде өзіне де, командасына да сәттілік», — деді Рыбакина матчтан соң. «Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Соңғы сәтте қатысуға мүмкіндік бергендеріңізге рахмет. Бұл жерге қайта келгеніме қуаныштымын», — деп қосты ол.

Сонымен қатар, ол командасын ерекше атап өтті: «Менің жанымда әрдайым қолдау көрсетіп жүретін керемет командам бар. Фитнес жаттықтырушым, физиотерапевтім Стефано және отбасым – барлығыңызға рахмет».

Бұл – Рыбакина үшін 2025 жылғы алғашқы, ал мансабындағы тоғызыншы WTA титулы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или