Қайрат Нұрдәулетов «Қайраттың» тізгінін ұстауы мүмкін

Расталмаған ақпарат бойынша, 42 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов алматылық «Қайраттың» бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» қатарынан үшінші кездесуінде жеңіліп қалды. Команда Қазақстан кубогынан шығып қалды, сонымен қатар «Елімай» (0:1) мен «Оқжетпес» (1:2) клубтарынан ұтылды. Қазір Рафаэль Уразбахтиннің орнына Қайрат Нұрдәулетов тағайындалуы қарастырылып жатыр.
Айта кетерлігі, маман алматылық футболдың түлегі, «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, командамен бірге чемпионаттың қола жүлдегері атанған.
Қайрат Нұрдәулетов бапкерлік мансабын Қазақстан Ұлттық құрамасының штабында бастап, кейін футбол федерациясында ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметін атқарды, Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасын, сондай-ақ «Мақтаарал», «Жетісу» және «Ертіс» командаларын басқарды.