Страсбургегі WTA 500 турнирі: Рыбакина финалға шыққаны үшін қанша тапты?

Страсбургегі WTA 500 турнирі: Рыбакина финалға шыққаны үшін қанша тапты?

Қазақтандық теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир барысында Рыбакина Қытай теннисшісі Ван Синьюйді – 6:1, 6:3, Польша өкілі Магда Линеттті – 7:5, 6:2 және бразилиялық Беатрис Аддад Майюды – 7:6, 1:6, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Финалға шыққанының арқасында Рыбакина 87 825 еуро мен 325 рейтингтік ұпайға ие болды. Егер ол турнир жеңімпазы атанса, 142 610 еуро мен 500 ұпай алады.

Финалда Рыбакина америкалық ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.

Страсбургтегі WTA 500 турнирінің финалы 24 мамырда Қазақстан уақытымен шамамен 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или