Жас қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Сербияның Куршумлийска Баня қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің ширек финалында 25 жастағы қазақстандық Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 337-орын) 22 жастағы Мальта өкілі Франческа Курмиді (әлемдік рейтингте №369) 6:4, 2:6, 6:2 есебімен жеңді.
Жартылай финалда қазақстандық теннисшінің қарсыласы 22 жастағы әлемнің 242-ракеткасы, ресейлік Алина Чараева болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или