Хаби Алонсоның «Реал Мадрид» бас бапкері ретінде қашан таныстырылаты анықталды

«Реал Мадрид» Хаби Алонсоны команданың жаңа бас бапкері ретінде ресми түрде таныстырмақ. Іс-шара 26 мамырда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін 43 жастағы маман үш жылдық келісімшартқа отыратыны туралы ақпарат пайда болған. Испаниялық бапкер маусымның соңында Бразилия құрамасына кететіні бұрын хабарланған Карло Анчелоттидің орнына келеді.
Алонсо 43 жаста. Ол 2022 жылдың қазан айынан бастап «Байерді» баптады. 2023/24 маусымында оның басшылығымен леверкузендік клуб өз тарихында алғаш рет Германия чемпионатын, сондай-ақ Германия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Ойыншы ретінде Хаби Алонсо 2009 жылдан 2014 жылға дейін «Реал Мадрид» сапында ойнаған. Осы кезеңде ол Чемпиондар лигасын, Примераны, Испания суперкубогын, УЕФА суперкубогын жеңіп алды, сонымен қатар Испания кубогын екі рет бағындырды.