«Тұран» - «Тобыл» матчының уақыты ыстыққа байланысты кешірек басталады

«Тұран» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында «Тобылға» қарсы өтетін матчтың басталу уақыты өзгергенін мәлімдеді.
Алғашында кездесу 25 мамыр күні сағат 19:30-да өтуі керек еді. Алайда күннің ыстығына байланысты лига басшылығы ойынның уақытын сәл кешіруге шешім қабылдаған.
Енді матч Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Қазіргі таңда «Тобыл» сегіз ойында 17 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. «Тұран» 12 ұпаймен тоғызыншы сатыда келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или