«Ордабасы» футбол клубы бюджет қысқартқанын ресми түрде жариялады

«Ордабасы» футбол клубы бюджет қысқартқанын ресми түрде жариялады

«Ордабасы» президенті Асхат Сейсембек «Күнгей.кз» YouTube арнасына бюджеттің қысқаруы команданың ағымдағы маусымдағы трансферлік жоспарына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сегіз ойыннан кейін 14 ұпаймен шымкенттік клуб Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде алтыншы орында келеді. Команда төрт ойында жеңіске жетіп, екі рет жеңіліске ұшырап, екі ойынды тең аяқтады.

— Бюджетті екі есе қысқарттыңыздар...

- Сөзсіз. Жалақыға арналған қаржылық қорымыз 40 пайызға қысқарды, оған қоса құрамда кейбір ойыншылар қалды... олардың алдында міндетімізді орындауымыз керек. Ресурс шектеулі болғандықтан, дәл қазір келіп өзгеріс жасай алатын ойыншыларды табу да қиын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или