Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары жолдастық матч өткізеді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы мамыр айында Қырғызстанмен екі жолдастық ойын өткізеді.
23 мамыр күні Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыдағы «Қайрат» ФК базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Жиын барысында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасында 25 және 28 мамырда екі жолдастық ойын жоспарланған. Матчтар Алматы қаласының орталық стадионында өтеді. Басталуы – 15:00-де.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында шешуші екі ойынын өткізеді. 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, араға үш күн салып Люксембургпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или