Goal нұсқасы бойынша АПЛ маусымының үздік құрамасы жарияланды

2024/2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Goal.com басылымы Англия Премьер-лигасының символикалық құрамасын жасақтады. Prosports.kz таратқан мәліметке сүйенсек, тізімде ең көп ойыншы — «Ливерпульден».
Мерсисайдтық клубтан бірден бес футболшы үздіктер қатарына енген. Ал «Челси», «Арсенал», «Ньюкасл», «Ноттингем Форест», «Фулхэм» және «Брентфорд» клубтарынан бір-бір ойыншыдан таңдалған.
Қақпашылар: Матц Зельс («Ноттингем Форест»).
Қорғаушылар: Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»), Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль»), Габриэл («Арсенал»), Энтони Робинсон («Фулхэм»).
Жартылай қорғаушар: Райан Гравенберх («Ливерпуль»), Алексис Мак Аллистер («Ливерпуль»), Коул Палмер («Челси»).
Шабуылшылар: Мохамед Салах («Ливерпуль»), Александер Исак («Ньюкасл»), Брайан Мбемо («Брентфорд»).