Кирилл Кекер Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкері атанды

Қазақстандық маман Кирилл Кекер енді U19 жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін «Қайрат», «Ордабасы» клубтарын жаттықтырған 45 жастағы маман Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) бапкері болып тағайындалды.
Кекер өткен жылдың тамызынан желтоқсанына дейін «Ордабасыны» жаттықтырды.
Ал Қазақстан жастар құрамасын (U-21) баяғыша Денис Мамонов, жасөспірімдер құрамасын (U-17) Бауыржан Сағындық баптай береді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или