«Ақтөбенің» Еуропа лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Футболдан қазақстандық «Ақтөбе» командасының UEFA Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық команда жарысты бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. UEFA регламенті бойынша «Ақтөбе» еленбеген топқа түсті.
Команданың ықтмал қарсыластары қатарында «Шахтер Донецк» (Украина), «Легия Варшава» (Польша), «Шериф» (Молдова), «ЧФР Клуж» (Румыния), «Целе» (Словения) секілді клубтар бар.
Жарыстың бірінші кезеңінің жеребесі 17 маусым күні тартылады. Бұл кезеңдегі ойындар 10-17 шілде күндері өткізіледі.
«Ақтөбе» командасы былтыр Қазақстан кубогын төбесіне көтерді. Нәтижесінде Еуропа лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Ақтөбелік клуб еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Әзірге топтық кезеңге шыға алмай келеді. 2010, 2011, 2014, 2015 жылдары Еуропа лигасы плей-офф сатысына дейін жетті.
Биыл команда ел біріншілігінде топ бастап келеді. Тоғыз турдан кейін 25 ұпаймен турнир кестесінде көш басында тұр.