Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті.

Бастапқы матчта қазақстандықтар Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды тізе бүктірді — 6:3, 5:7, 6:4.

Содан кейін Мансұр Сайынов Юн Лиамаға ес жиғызбады — 6:1, 6:0.

Жұптық сында Мансұр Аңсар Ниетқалиевпен бірге Аливина — Лиамадан басым түсті — 6:3, 6:2.

Қазақстан өз тобында көш бастаса, Қытай екінші орында. Ертең қазақстандық жасөспірімдер Иранмен шеберлік таластырады. Иран Қытайға жол берді — 0:3.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или