«Эвертон» клубы «Гудисон Парктегі» соңғы матчын өткізді

«Эвертон» клубы «Гудисон Парктегі» соңғы матчын өткізді

Ағылшындық «Эвертон» клубы атақты «Гудисон Парктегі» соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ливерпульдіктер келер маусым жаңадан салынған «Хилл Дикинсон» стадионында ойнайды.

Ал 133 жыл бойы негізгі стадионы болған және толықтай бұзылады деген «Гудисон Парк» «Эвертонның» әйелдер клубына берілетін болды.

«Гудисон Паркте» тіркелген рекордтар:

  • Бұл стадионда 132 футболшы АПЛ-дегі алғашқы голын соққан.
  • АПЛ-де алғаш рет қақпашы (Петер Шмейхель, 2001 ж) осы стадионда гол соқты.
  • АПЛ-дегі алғашқы покер (Эфан Экоку, 1993 ж) осы стадионда соғылған.
  • Пеле Әлем чемпионатының матчында (1966, Бразилия 1:3 Португалия) жеңілген жалғыз стадион.

Стадионмен қоштасу матчына клубтың 50 аңызы келді. Олардың қатарында Уэйн Руни, Питер Рид, Фил Джагелка және Тим Кэйхилл бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или