Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылады

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші орында Римдегі турнирдің финалында жеңілгеніне қарамастан италиялық Янник Синнер қалды. Рим Мастерс турнирінің жеңімпазы испандық спортшы Карлос Алькарас екінші орынға көтеріліп, неміс Александр Зверевті үшінші орынға ығыстырды.
Туриндегі Челленджерде жеңіске жеткен Қазақстанның мықты өкілі Александр Бублик бірден 25 сатыға жоғарылап, 51-ші орынға көтерілді. Александр Шевченко 97-ші орында қалды. Жүздікке ең жақын қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин екі сатыға көтеріліп, 163-орынға тұрақтады. Одан кейін 164-орынға Дмитрий Попко жайғасты. Тимофей Скатов он орын төмен сырғып, қазір 191-орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или