Салах «Ливерпуль» өзін тексерді деп санайтынын мәлімдеді

Салах «Ливерпуль» өзін тексерді деп санайтынын мәлімдеді


«Ливерпуль» шабуылшысы Мұхаммед Салах келісімшарттың ұзартылу барысына қатысты пікір білдіріп, клуб басшылығы бастапқыда сенімсіздік танытқанын ашық айтты. Оның сөзінше, «Ливерпуль» бұған дейін 30 жастан асқан ойыншылармен қоштасуға бейіл болып келген.

«Шартты ұзартуға мүмкіндігім — он пайыз деп ойладым. Клубтың өткеніне қарасам, 30-дан асқандарға көзқарас онша болмаған. Қаламын деп күтпедім. Келіссөз алты айға созылды, бірақ қаңтардан бастап бәрі біртіндеп дұрысталды. Клуб менің әлі де пайда келтіре алатынымды тексеріп бақты деп ойлаймын», — деді Салах Sky Sports арнасына берген сұхбатында.

Сәуір айында 32 жастағы Мысыр ойыншысы клубпен келісімшартын 2027 жылдың жазыға дейін ұзартып, ресми түрде қалатыны белгілі болды. Осы маусымда Салах 50 матч өткізіп, 33 гол соқты және 23 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или