«Реалдың» қорғаушысы Карвахаль мансабын аяқтауы мүмкін

«Реалдың» қорғаушысы Карвахаль мансабын аяқтауы мүмкін


Мадридтің «Реалы» сапындағы қорғаушы Даниэль Карвахаль кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді. 33 жастағы футболшы соңғы сұхбатында футболдағы жолының аяқталып келе жатқанын сезіп жүргенін айтты.

«Бұл – ұзақ сапар болды. Әлі де жалғасады деп үміттенемін, бірақ шынайы көзқарас керек. Арманымды орындадым – кәсіби футболшы атанып, "Реал" сапында ойнадым, клуб тарихының бір бөлігіне айналдым», – деді ол Madrid Xtra-ға берген сұхбатында.

Карвахаль қазан айынан бері алаңға шыққан жоқ. Ол «Вильярреалға» қарсы матчта ауыр жарақат алып, сол айда ота жасатты. Испаниялық қорғаушы «Реал» жейдесінде 427 матч өткізген. Қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазыға дейін күшінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или