«Тобыл» мен «Ордабасы» кездесуі кейінге шегерілді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы тоғызыншы турындағы «Тобыл» мен «Ордабасы» кездесуі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.
Бұл жөнінде футболдан Қазақстан кәсіби лигасы мәлім етті.
2025 жылғы 18 мамырға жоспарланған «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасы» (Шымкент) арасындағы 9-тур матчы кейінге шегерілді. Ол форс-мажорлық жағдайларға байланысты, яғни алдын ала болжау және алдын алу мүмкін болмаған себептерге орай қабылданды. Аталған шешім Қазақстан Премьер-лигасы клубтары арасындағы футбол чемпионатының Регламентінің 6.25-бабының 5-тармағына және 6.32-бабына сәйкес жүзеге асты. Матчтың жаңа күні туралы қосымша хабарланатын болады, деп жазылған хабарламада.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или