Рим турнирі: Паолини финалда Гауффті жеңді

Римдегі (Италия) WTA 1000 сериясы турнирінің әйелдер арасындағы шешуші кездесуде әлемнің үшінші ракеткасы АҚШ өкілі Кори Гауфф италиялық Жасмин Паолинимен (әлемнің бесінші ракеткасы) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалдық кездесу 6:4, 6:2 есебімен Паолинидің пайдасына шешілді.
Кездесу бір жарым сағатқа созылды.
Осылайша 29 жастағы италиялық спортшы мансабындағы үшінші жекелей WTA титулын жеңіп алды. Ол Кори Гауффпен жеке кездесулерде де есепті теңестірді (2-2).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или