«Астанада» қаржылық мәселе ушығып тұр

Елордалық клубтың футболшылары жалақы қарызына байланысты жаттығудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шешімге клубтың футболшылар, бапкерлер мен қызметкерлеріне бірнеше айлық жалақысы көлемінде қарыз болуы себеп болды, деп мәлімдеді Meta-ratings.kz.
Осылайша, «Астананың» ҚПЛ 9-турындағы «Ұлытаумен» Жезқазғандағы ойынның өту-өтпеуі сұрақ болып тұр.
Еске салайық, бұған дейін елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян «Астананың» лайықты ойын көрсетуіне қаржылық қиындықтар кедергі болып отырғанын айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или