«Елімайда» бас бапкер ауысуы мүмкін

«Елімайда» бас бапкер ауысуы мүмкін

«Елімай» клубының бас бапкері Андрей Карпович алдағы күндері қызметінен кетуі мүмкін. Meta-ratings.kz мәліметінше, Абай облысының әкімі Берік Уәли команда нәтижелеріне көңілі толмай отыр. Соңғы ойындарда «Елімай» «Оқжетпеске» (0:2), «Ақтөбеге» (0:1) есе жіберіп, Кубок жолында «Қызылжардан» ұтылған болатын.

Сондай-ақ клуб басшылығы ойыншылардың алаңдағы белсенділігі мен ынта-жігеріне алаңдаулы. Алдағы «Қайратқа» қарсы өтетін үйдегі матч – Карповичтің тағдырын шешуі мүмкін.

Бас бапкер қызметіне басты үміткер – Қайрат Нұрдаулетов. Ол өткен аптада «Ертістегі» қызметінен клуб басшыларымен болған келіспеушілікке байланысты кеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или