Моуринью Португалия құрамасына жазда-ақ оралуы мүмкін

Моуринью Португалия құрамасына жазда-ақ оралуы мүмкін


Жозе Моуринью Португалия құрамасының тізгінін қайта ұстауы мүмкін. HT Spor порталының хабарлауынша, ол Португалия футбол федерациясымен алдын ала келісімге келген. Бұл туралы Prosports.kz жазды.

Бастапқыда Моуринью ұлттық құраманы 2026 жылдың жазында, «Фенербахче» клубымен келісімі аяқталған соң ғана қабылдайды деп жоспарланған. Алайда федерация процесті жеделдеткісі келеді. Енді ол маманды Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аяқталған соң-ақ тағайындауды көздеп отыр. Португалия 4 маусымда Германиямен ойнап, 8 маусымда финал өтуі тиіс.

Айта кетейік, федерация түрік клубына өтемақы төлеуді жоспарламай отыр. Демек, келісім тек тараптар ортақ шешімге келген жағдайда жүзеге аспақ. Жозе Моуринью «Фенербахчеге» 2024 жылдың маусымында келген. Бұған дейін ол «Ромада» жұмыс істеп, командасымен Конференциялар лигасын жеңіп, келесі маусымда Еуропа лигасының финалына шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или