Юлия Путинцева Италиядағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті

Қазақстанның екінші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева Парма (Италия) челленджер турнирінде екінші кездесуін жеңіспен түйіндеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда WTA рейтингісінде 299-орында тұрған германиялық Анна-Лена Фридзамға қарсы келді.
Ю.Путинцева екі сетті де 6:4 есебімен аяқтады. Бір сағат 39 минутқа созылған бәсекеде ол 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Фридзам 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 64-ракеткасы, мысырлық Майар Шерифпен таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или