«Барселона» шабуылшысы Бундеслигаға ауысуы мүмкін

«Барселона» шабуылшысы Пау Виктор «Байерге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Diario Sport мәліметінше, 23 жастағы футболшыға «Бетис», «Сельта» және «Мальорка» клубтары да қызығушылық танытып отыр.
Каталониялық клуб үшін басым нұсқа — Викторды жалға беру. Алайда, лайықты ұсыныс түссе, оны сатуға да дайын.
Осы маусымда Пау Виктор «Барселона» сапында барлық турнирде 27 матчқа қатысып, көбіне алаңға ойын барысында шыққан. Оның еншісінде 2 гол мен 1 нәтижелі пас бар.
Шабуылшының клубпен қазіргі келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или