Азия чемпионаты: Қазақстандық төрт боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберді

Азия чемпионаты: Қазақстандық төрт боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберді


Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар және жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың 13 мамырдағы нәтижесі белгілі болды.

Құрлықтық доданың алғашқы сатысында отандық спортшылар төрт нокаутты тіркеді.


Жастар турнирі


Ерлер


51 келі. Досымжан Таңатар - Татсара Илангасингхаге (Шри-Ланка). Төрешілер бірауыздан жеңісті Досымжан Таңатарға берді.


54 келі. Алдияр Бахадур - Хеттиарачи Видуша (Шри-Ланка).Төрешілер бірауыздан жеңісті Алдияр Бахадурге берді.


57 келі. Нығман Нығмет - Ангус Фрисвелл (Австралия). Екінші раундта Нығман Нығмет қарсыласын техникалық нокаут арқылы жеңді.


60 келі. Әділет Тортубек - Зоир Ходжабеков (Қырғызстан). Үшінші раундта Әділет Тортубе қарсыласын техникалық нокаут арқылы жеңді.


22 жасқа боксшылар арасындағы турнир


Ерлер


54 келі. Кенже Мұратұлы - Зафарбек Камилов (Қырғызстан). Төрешілердің басым бөлігі жеңісті Зафарбек Камиловқа берді.


60 келі. Нұрислам Қалдыбаев - Шерпа Вангди Чхиринг (Непал). Екінші раундта Нұрислам Қалдыбаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.


Әйелдер


50 келі. Гүлнар Тұрапбай - Яра Аль-Амри (Сауд Арабиясы). Бірінші раундта Гүлнар Тұрапбай қарсыласын техникалық нокаут арқылы жеңді.


Құрлықтық дода 10-24 мамыр аралығында өтеді.


Құрлықтық дода 11 мамырда техникалық жиналыс пен турнирдің жеребе тарту рәсімімен басталды. Алғашқы жарыс күні 12 мамырда болса, іріктеу кезеңі 18 мамырға дейін жалғасады.


Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или