Александр Бублик Туринде сәтті бастады

Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жек жаңа күнге шегерілді. Prosports.kz жазған мәліметке қарағанда, жекпе-жек 12 емес, 13 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер хабарлады. Шешімді негізгі ұйымдастырушы – Турки Әл аш-Шейх қабылдаған.
Қазіргі таңда жекпе-жек өтетін орын нақтыланбаған, бірақ оның АҚШ-та болатыны белгілі. Үміткер қалалар қатарында Лас-Вегас, Лос-Анджелес пен Нью-Йорк бар. Таңдалған жаңа күн – UFC 320 (Noche UFC) турнирімен тұспа-тұс келіп отыр, бұл екі ірі шара арасында тікелей бәсеке тудырады.
Бастапқыда жекпе-жек Netflix арқылы көрсетіледі деген жоспар болғанымен, қазір ол ақылы трансляция (PPV) форматында өтеді деген болжам басым. Сонымен қатар дәл осы бокс кешінде Дана Уайт, Әл аш-Шейх пен Ник Хан бірлесіп іске қосатын жаңа промоушен де ресми түрде таныстырылады.