Парадзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы екі қола еншіледі

Парадзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы екі қола еншіледі

Астана қаласында өтіп жатқан пара дзюдодан Әлем чемпионатында ел құрамасы қоржынына тағы екі қола түсті.

Қазақстандық Ерғали Шамей (81 келі) J1 санаты бойынша ол 3-орын үшін белдесуде тағы бір отандасымыз Бауыржан Арстанбековпен күресуі тиіс еді. Бірақ қарсыласы татамиге шығудан бас тартты. Осыған байланысты жеңіс Ерғалиға берілді.

Сондай-ақ J2 санаты бойынша Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Даяна Федосова (60 келі) 3-орын үшін өткен кездесуде Бразилия спортшысы Мария Дос Сантос Линсты таза жеңді.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Айназ Куралова (46 келі) қола жүлде алды.

Ал қола жүлде үшін белдесуде Альфия Тлекқабыл (52 келі), J1 санаты бойынша Асылан Нұрдәулетов (70 келі), Темірболат Ташекенов (70 келі) 3-орын үшін кездесуде қарсыластарына есе жіберіп, үздік үштіктен көріне алған жоқ.

Енді ел құрамасынан J2 санаты бойынша 81 келідегі Ғалымжан Смағұлұлы финалда өзге отандасымыз Бексұлтан Құлмырзамен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады.

Қазірге дейін қазақстандық Айназ Куралова (46 келі) қола жүлде алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или