«Милан» – «Болонья». Статистика. Коэффициенттер

«Милан» – «Болонья». Статистика. Коэффициенттер

«Интер» осы маусымда треблге таласуы мүмкін еді, бірақ олар ішкі кубоктың жартылай финалында «Миланнан» жеңіліп қалды. «Наполи» чемпиондық дубльді көздеді, бірақ олар кубоктан 2024 жылдың желтоқсанында шығып қалды. «Ювентус» пен «Аталанта» ерте ұшып кетті, сондықтан финалда А сериясының еурокубок аймағына әлі кірмеген клубтар қалды. Финалды 14 мамырдан 15 мамырға қараған түні Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де тамашалаймыз, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz  сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

«Милан» әлі де күрделі дағдарыста, бірақ маусымның соңында ес жиды. Дәл қазір команда төрт рет қатарынан жеңіске жетіп отыр. А сериясында команда аяқталуға екі тур қалғанда 60 ұпаймен сегізінші орында тұр. Бір қызығы, «Милан» өз тарихында тек бес рет ел кубогын жеңіп алды. Соңғы рет 2003 жылы Карло Анчелоттидің жетекшілігімен бұл турнирге топ жарған. Сол уақыттан бері команда екі мәрте ғана финалға шыққан. 

«Болонья» жетінші орынға жайғасқан. Төртінші орындағы «Ювенустан» екі ұпай ғана қалып тұр. Команда Тьяго Мотта кеткен соң да құлдыраған жоқ. Винченцо Итальяноның қол астында жігіттері тағы да Чемпиондар лигасына жолдама алуы мүмкін. Енді «қызыл-көктер» де ел кубогын жеңіп алуы мүмкін. «Болонья» соңғы рет бұл турнирде сонау 1973/74 жеңімпаз атанған. 

Командалар осы маусымда А сериясында өзара екі рет ойнады. Ақпандағы кездесуде «Болонья» 2:1 есебімен жеңіске жетті, бірақ таяуда 9 мамырда өткен ойында «Милан» басым болды – 3:1.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы финалдық ойынға келесі коэффициенттерді ұсынады: «Милан» кубок жеңіп алады – 1,98, Болонья – 1,83. «Миланның» негізгі уақыттағы жеңісі 2,84, «Болоньянікі» 2,60 коэффициентпен бағаланады.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или