Бейбіт Жұқаев Хорватиядағы жарыста екінші айналымға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Загребтегі (Хорватия) Челленджер турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosportskz.
Қазақстандық бірінші айналымда швейцариялық Джером Кимге есе жіберді.
Екінші сеттің соңында 2:6, 0:4 есебі кезінде қазақстандық ойынды жалғастырудан бас тартты.
Матч 47 минутқа созылды.
Еске салайық, теннисшілер бұған дейін бір-бірімен кездескен емес.
Келесі айналымда Ким финляндиялық Эмиль Руусувуориге қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или