Путинцева Пармада өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирде сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол бірінші айналымда Жапония өкілі Энн Сибахараны 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.
WTA рейтингінде Қазақстандық 30 жастағы теннисші 29-шы орында, ал 27 жастағы Сибахара 139-шы орында тұр.
Екінші айналымда Путинцева Анна-Лена Фридзам (Германия) мен Эмилиана Аранго (Колумбия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Турнирдің жүлде қоры биыл 115 мың долларды құрайды. 2024 жылы Словакиядан келген Анна Каролина Шмидлова жарыстың чемпионы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или