Ақмарал Науатбек әлем чемпионатының ширек финалынан аса алмады

Ақмарал Науатбек әлем чемпионатының ширек финалынан аса алмады

Астана қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған жарыстың J2 санаты бойынша сынға түскен қазақстандық балуан Ақмарал Науатбек (52 келі) ширек финалда сүрінді.

Ол 1/4 финалда Қырғызстан өкілі Айбике Ұланбекқызымен белдесіп, ереже бұзғаны үшін жеңіс қарсыласқа берілді

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек 1999 жылы дүниеге келген. 2024 жылы Паралимпиада ойындарында чемпион атанса, 2022 жылы әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или