2026 жылы Астанада өтетін Grand Slam турнирі «Барыс Аренада» өтеді

Қазақстан дзюдо федерациясы 2026 жылы Астанада өтетін Grand Slam турнирінің өтетін орнын өзгертті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін үш жыл қатарынан жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылса, енді ол «Барыс Аренада» өтетін болды.
Мұндай шешім Халықаралық дзюдо федерациясының ұсынысымен қабылданды. Себебі 2027 жылы дәл осы мұз сарайы дзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды. Ал 2026 жылғы Grand Slam сол дода алдындағы сынақ ретінде қарастырылып отыр.
Айта кету керек, сол кезеңде КХЛ маусымы аяқталғандықтан, аренаны қолдануда ешқандай қиындық болмауы тиіс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или