Килиан Мбаппе XXI ғасырдағы ерекше жетістікке қол жеткізді

Килиан Мбаппе XXI ғасырдағы ерекше жетістікке қол жеткізді

Мадридтік «Реалдың» француздық шабуылшысы Килиан Мбаппе 21 ғасырда Эль-Класикода мадридтік клуб сапында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы болды, деп хабарлайды Prosports.kz..

«Барселонамен» кездесу кеше, 11 мамыр күні кешке өтіп, 4:3 есебімен каталондық команданың пайдасына аяқталды.

21 ғасырда Эль-Класикода «Барселона» қатарында Лионель Месси екі рет және Луис Суарес бір рет хет-трик авторы атанған.

Еске салайық, 35 турдың қорытындысы бойынша «Барселона» турнирлік кестеде бірінші орында тұрса, мадридтік клуб екінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или