Маддаленеге UFC үш қарсылас ұсынды

Маддаленеге UFC үш қарсылас ұсынды

UFC жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион австралиялық Джек Делла Маддаленамен (18-2) жекпе-жек өткізуге үш үміткерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маддалена қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0), ресейлік Ислам Махачев (27-1) және америкалық Шон Брэдиді (18-1) таңдауы мүмкін.

Еске салайық, Джек Делла Маддалена Монреальда (Канада) өткен UFC 315 турнирінде чемпион, америкалық файтер Белал Мұхаммадты (24-4) ұтып, сенсация жасаған болатын.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, ирландиялық Ян Гарриді (16-1) жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или