Қазақстандық файтер OCTAGON 72 турнирінде «Сатурннан» жеңіліп қалды

Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 72 турнирінде негізгі кардтың алғашқы жекпе-жек өтті, деп жазады Prosports.kz.
Жеңіл салмақта қазақстандық Марселен Камате «Сатурн» лақап атымен танымал өзбекстандық Огабек Абдумуминовпен (1-0) кездесті.
Жекпе-жектің екінші раундында өзбекстандық файтер Огабек Абдумуминов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Негізгі жекпе-жекте танымал өзбекстандық Амирхон «Қоқан арыстаны» Алихуджаев (11-5) бразилиялық Маноэль Дос Сантоспен (12-6) кездеседі.
Турнирдің басты кездесуінде көптен күткен жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек өтеді, онда Өзбекстан чемпионы Достон Бозоров (11-1) тәжікстандық Фазлиддин «Карим» Мадрахимовпен (14-5-1) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink