Өзбекстандық файтер техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Өзбекстандық файтер техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 72 турнирінде тағы бір қазақстандық файтер өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қазақстандық Микаэль Джумаев (3-2) өзбекстандық Абдумалик Ёрбутаевпен (3-0) кездесті.

Жекпе-жек екі раундқа созылып, өзбекстандық Абдумалик Ёрбутаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Турнирдің басты кездесуінде көптен күткен жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек өтеді, онда Өзбекстан чемпионы Достон Бозоров (11-1) тәжікстандық Фазлиддин «Карим» Мадрахимовпен (14-5-1) кездеседі.

Негізгі жекпе-жекте танымал өзбекстандық Амирхон «Қоқан арыстаны» Алихуджаев (11-5) бразилиялық Маноэль Дос Сантоспен (12-6) кездеседі.

Сондай-ақ турнирде жеңіліп көрмеген қазақстандық Саят «Аватар» Абдуали (7-0) өзбекстандық тәжірибелі файтер Хусанбой Атабаевпен (10-11) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или