Шавкат Маддаленаға сес көрсетті: «Мен сенің ең қауіпті қарсыласыңмын»

UFC-дегі жартылай орта салмақтағы мықты қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Джек Делла Маддаленаның чемпион атануына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Джек Делла Маддаленаны құттықтаймын. Жарақат пен үзілістен кейін жақсы өнер көрсеттің. Бірақ сен білесің – осы салмақтағы шын қауіп менмін. Ерте ме, кеш пе, менің де уақытым келеді», – деп жазды Рахмонов әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Маддалена америкалық-палестиналық Белал Мұхаммедпен толық бес раунд айқасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Қазіргі рекорды – 17 жеңіс, 2 жеңіліс.
Енді жаңа чемпионның келесі қарсыласы ретінде жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачев болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или