Ислам Махачев екі салмақта чемпион атануға дайын екенін мәлімдеді

Ислам Махачев екі салмақта чемпион атануға дайын екенін мәлімдеді


UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев жартылай орта салмақта да бақ сынауға дайын екенін айтты. Бұл мәлімдеме UFC 315 турнирінен кейін шықты – онда Джек Делла Маддалена Белал Мұхаммедті жеңіп, жаңа чемпион атанған еді.

«Қос белбеу иесі атанатын уақыт келді! ИншаАлла! Алға!» – деп жазды Махачев әлеуметтік желіде.

Бұған дейін дағыстандық спортшы салмақ ауыстыру туралы бірнеше рет айтқанымен, шешімді 77 келідегі чемпион анықталған соң қабылдайтынын мәлімдеген болатын. Енді Маддалена белбеуді иеленген соң, Ислам бұл идеяны нақты қарастырып отыр.

Қазіргі таңда Маддаленаның көрсеткіші – 17 жеңіс, 2 жеңіліс. Ал Махачев 2022 жылдың қазанында Чарльз Оливейраны жеңіп, чемпион атанған. Екі чемпионның жекпе-жегі UFC тарихындағы ең көп күтілетін айқастардың біріне айналуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или