ММА. Қазақтың UFC-дегі екінші жекпе-жегінің статистикасы жарияланды

Монреальда (Канада) 315-ші нөмірлі UFC турнирінде қазақстандық Бекзат Алмахан (12-2) мен канадалық Брэд Катона (14-5) арасындағы жекпе-жектің статистикасы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алмахан бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Қазақстандық бір нокдаун тіркеді. Жалпы соққылар саны Бекзаттың пайдасына 11-4, дәл соққылар саны 8-1 (72% - 25%).
Еске салайық, бұл Бекзат Алмаханның UFC-дегі екінші жекпе-жегі болатын. Қазақстандық әлемдегі ең ірі промоушенде дебютін 2024 жылдың наурыз айында өткізіп, ресейлік Умар Нурмагомедовтен (18-1) жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или