Пулишич «Милан» сапында рекорд жаңартты

«Милан» шабуылшысы Кристиан Пулишич «Болонья» қақпасына гол соғып, жеке көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Америкалық шабуылдаушы жартылай қорғаушы «россонери» сапында 68 матчта 40 (гол+пас) ұпай жинап отыр. Бұған дейін «Челси» клубында 98 ойында 29 нәтижелі әрекет тіркеген болатын.
Серия А-ның 35-турында «Милан» өз алаңында «Болоньяны» 3:1 есебімен жеңді. Сол кездесуде Пулишич бір голдың авторы атанды.
Еске сала кетейік, 26 жастағы футболшы 2019 жылдың қаңтарында дортмундтық «Боруссиядан» лондондық «Челсиге» 50 миллион еуроға ауысса, 2023 жылдың шілдесінде «Миланға» 25 миллион еуроға өткен еді. Лондонда ол 145 матч өткізіп, 26 гол соғып, 21 пас берсе, Италияда әзірге 99 ойында 32 гол, 23 ассистпен көзге түсіп жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или