Қазақстан Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Қазақстан Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Бүгін Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Байдаркада 500 метрге жұптасып ескек есуде Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова мәреге бірінші келді. Одан кейінгі сатыға Қытай (Хуан Цзеи, Ден Меи) мен Жапония спортшылары жайғасты.

Айта кетейік, қазір Қазақстан командасында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль болды. Қалған қашықтықтарда финал кешке дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или