Қазақстандық екі дзюдошы Астанадағы Grand Slam турнирінің финалына шықты

Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің жартылай финалында сынға түскен төрт спортшының екеуі финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол отандасы Аман Бақытжанды жеңіп, алғаш рет Grand Slam турнирінің финалына шықты.
Ол финалда тағы бір қазақстандық спортшы Мағжан Шамшадинді жеңген Изнаур Сааевтен кездеседі.
66 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсеткен Ғұсман Қырғызбаев финалға шықты. Қазақстандық дзюдошы жартылай финалда қытайлық Сюэ Цзыянды жеңіп шықты. Енді ол финалда ресейлік Рамазан Абдуллаевпен кездеседі.
Турнирдің финалдық белдесулері бүгін, 9 мамыр күні, сағат 17:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или