Төрт қазақстандық дзюдошы Астанадағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Төрт қазақстандық дзюдошы Астанадағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Төрт қазақстандық дзюдошы Астанадағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 9 мамырда дзюдодан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирі басталды. Аталған турнирдің алғашқы күнінде 60 келіге дейінгі салмақта үш қазақстандық балуан жартылай финалға жолдама алды. 

Ширек финалдық бәсекеде Мағжан Шамшадин бразилиялық Кристиан Сильваны ұтты.

Талғат Орынбасар Өзбекстан спортшысы Достона Рузиеваны жеңді. Ал Аман Бақытжан франциялық Энцо Джинды тізе бүктірді.

Айта кетейік, Аман Бақытжан жартылай финалда отандасымыз Талғат Орынбасармен кездеседі. Ал, Шамшадин ресейлік Изнаур Сааевпен белдеседі.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та Қазақстанда өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шығу үшін күреседі. 66 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда отандасымыз Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ким Чанненді голден скорда жеңіп шықты. Жартылай финалда қытайлық Сюэ Цзыянмен кездеседі.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или