Айбек Имашев: Халықаралық дзюдо федерациясымен табысты жұмыс істеп жатырмыз

Алдағы уақыттарда елімізде дзюдо спортынан ірі халықаралық жарыстар өтеді. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев Kazinform тілшісіне айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айбек Имашев Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) төрт жылдық келісімшартқа қол қойғанын еске салды.
- Келісімшартқа сәйкес, Қазақстан 2026 жылға дейін Grand Slam сериясындағы турнирлерді қабылдайды. Осыған дейін, елордамызда дүбірлі доданы екі рет табысты өткіздік,- деді ол.
ҚР дзюдо федерациясының атқарушы директорының айтуынша, елімізде алдағы уақыттада ірі халықаралық турнирлер өтеді.
- Қазіргі уақытта біз Халықаралық дзюдо федерациясымен тығыз әрі табысты жұмыстар атқарып жатырмыз. Оның айқын дәлелі ретінде, еліміз 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды,- деп атап өтті атқарушы директор.