«Астана Арена» қайта жөндеуге тағы қаржы алады

«Астана Арена»  қайта жөндеуге тағы қаржы алады


Үкімет резервінен елордадағы басты спорт нысандары - «Астана Арена» стадионы мен «Алау» мұз сарайын қайта жөндеуге 20,9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды КазТАГ.

Бюджеттік бағдарлама жобасына сәйкес, бұл қаржы 2026 жылға қарастырылған және ол «Үкімет резерві есебінен шұғыл шығындарға арналған мақсатты трансферттер» бабы бойынша бөлінбек.

Айта кетейік, «Астана Арена» бұған дейін, яғни 2024 жылы өткен Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарынан кейін де жөндеуден өткен. Ол кезде де бюджеттен қомақты қаржы жұмсалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или