Qazaqstan Barysy Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары анықталды

Qazaqstan Barysy Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары анықталды


Астанада өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 әлемдік жарысының жеребесі тартылды. 

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев жарысты екінші айналымнан бастап, тәжікстандық Тойлы Мурадовпен литвалық Андрей Клоковтың қай жеңгенімен белдеседі.

Қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары төмендегідей:

Ерлер:

-60 кг: Аман Бақытжан VS Абдулло Қуқаншоев (Тәжікстан), Талғат Орынбасар VS Энебиш Баттсерен (Моңғолия), Мағжан Шамшадин VS Ашик Андреаян (Армения), Дәурен Суюкенов VS Ли Ха Рим (Оңтүстік корея);

-66 кг: Ердәулет Бозша VS Чжан Хайян (Қытай), Есет Қуанов VS Карен Галстиа (IJF), Бауыржан Нарбаев VS Юн Хёнсу (Оңтүстік корея), Мирас Жонысов VS Йотов Боян (Болгария).

-73 кг: Қуан Барыс VS Леонардо Валериани (Италия), Саят Сейітқалиев VS Этан Наирн (Ұлыбритания); Бақытжан Абдурахманов VS Чанг Кен Сянь (Қытайлық Тайбэй);

-81 кг: Азат Күмісбай VS Владислав Колобов (Украина), Абылайхан Жұбаназар VS Арис Сарагкас (Греция), Айғали Қалдыбек VS Павел Дрзималь (Полша), Жалғас Қайролла VS Петр Млади (Чехия);

-90 кг: Аян Байғазы Чен Пэн-Ю (Қытайлық Тайбэй), Айдар Арапов Мунхбаяр Баттагтох (Моңғолия), Құдырет Досымов Милян Радулж (Сербия);

-100 кг: Бейбіт Мадеев VS Баймырат Мажанов (Түркіменстан), Бақжан Байтас VS Мухсин Малаев (Тәжікстан), Марат Байқамұров VS Даниел Дичев (Болгария);

+100 кг: Еламан Ерғалиев VS Гржегож Тересинский (Полша), Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев VS Дай Юминь, Жамбыл Тұрғыналиев VS Ираклий Деметрашвили (Грузия);

Әйелдер:

-48 кг: Диана Буркеева VS Манон Урдиалес (Франция);

-52 кг: Құндыз Жылқыбай VS Умида Джуманиязова (Өзбекстан), Айшабибі Мұрадимова VS Кинга Климчак (Полша);

-57 кг: Дина Мұханбет VS Полин Старк (Германия), Дана Әбдірова VS Ксения Галицкая (IJF);

-63 кг: Есімгүл Құйылова VS Рания Дрид (Франция), Асылжан Орынбасарова VS Анастасия Антипина (Украина);

-70 кг: Анастасия Морозова VS Мартина Эспозито (Италия), Кристина Сотникова VS ЛИ Еранг (Оңтүстік корея), Аруна Жангелдина VS Сара Мехлау (Германия), Диана Телбаева VS Аквилина Чайеб (Ливан);

-78 кг: Назерке Тілеуханова VS Кала Исофи (Франция), Замзагүл Файзолланова VS Джули Хоэлтерхофф (Германия);

+78 кг: Ақерке Рамазанова VS Милика Забич (Сербия), Толқын Тұрсынақынова VS Рури Такахаши (Жапония) .

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или