Лос-Анджелесте қазақ дзюдошылары екі алтын, бір күміс еншіледі

Лос-Анджелесте қазақ дзюдошылары екі алтын, бір күміс еншіледі

Қазақ дзюдошылары Лос-Анджелестегі беделді халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

66 келіге дейінгі салмақта Нұрлан Үсенов, ал 81 келіде Азамат Мұқашов алтын медаль иегері атанды. 73 келіде күрескен Бақыткелді Қасенов финалда жарақатпен шыққанына қарамастан, күміс жүлде алды.

Қасенов жарақаты толық жазылмағандықтан, өз мүмкіндігін толық көрсете алмағанын айтты. Соған қарамастан, ол команда қоржынына маңызды жүлде салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или