Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары ашық жаттығу өткізді

Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары ашық жаттығу өткізді

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қарсаңында ашық жаттығу ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ашық жаттығуға Қазақстан ұлттық құрамасы спортшылары және Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысу үшін Астанаға келген англиялық спортшылар қатысты.

Қазіргі уақытта бапкерлер құрамында жүрген Жансай Смағұлов ұлттық құраманың дайындығы жақсы деңгейде өткенін айтты. 

— Дайындық жақсы деңгейде өтті. Спортшыларымызға сәттілік тілеймін. Жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын, — деді Смағұлов.

Айта кетейік, Елордада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингілік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или