Абиба Абужақынова әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Абиба Абужақынова әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Халықаралық дзюдо қауымдастығы (IJF) Душанбедегі Grand Slam жарысынан кейін рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған турнирде 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова үздік үштікке енді. Бұған дейін ол алтыншы орында болған еді.

  • 1. Бавуудоржийн Баасанхуу (Маңғолия)
  • 2. Тара Бабулфат (Швеция)
  • 3. Абиба Абужақынова (Қазақстан)


Алайда отандасымыз 3 күннен кейін Астанада басталатын Grand Slam кезеңіне қатыспайды. Әлем чемпионатына дайындалу мақсатында бапкерлер спортшыны жарысқа тіркемеген көрінеді.

Айта кетейік, Душанбедегі қола Абибаның осы жылдағы екінші жүлдесі болды. Бұған дейін, ол наурыз айында Линц қаласында өткен жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или