АФК «Қайраттың» бас бапкері Марлон Веласко осы маусымнан кейін клубтан кетеді

Футзалдан алматылық «Қайраттың» бас бапкері Марлон Веласко осы маусымның соңында командамен қош айтысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Испаниялық маманның кетуі жөніндегі әңгімелер бұған дейін де айтылып жүрген еді, енді міне, клуб оның келісімшартын ұзартпау туралы шешім қабылдады. Келер маусымда Веласко өзінің отанына оралып, Испанияның «Viña Albali Valdepeñas» клубын жаттықтыратын болады», - деп жазды Futsal Kazakhstan.
Марлон Веласко «Қайрат» тізгінін 2023 жылдың жазында ұстады. Қысқа уақыт ішінде ол 2024 жылғы Қазақстан кубогын және 2024/25 Қазақстан суперкубогын клуб қоржынына салып үлгерді. Алайда, өткен маусымда ел чемпионы атағынан тыс қалды.
Ол — соңғы 20 жылда «Қайратты» жаттықтырған тұңғыш бразилиялық емес бапкер. Сонымен қатар, Веласко клубты 2021 жылдан бері алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық төрттігіне шығарды және күміс жүлдені еншіледі.