«Қайрат» бас бапкерінің қызметінен кеткенін жариялады

«Қайрат» футзал клубы бас бапкер Марлон Веласко командадан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Марлон Веласконың «Қайрат футзал» клубымен арадағы еңбек шарты өз мәресіне жетті. Осыған орай, клуб бас бапкермен қош айтысады.
2023 жылдың тамыз айынан бастап Марлон Веласко біздің команданы басқарды. Осы уақыт аралығында ол клубпен бірге бірқатар маңызды жетістіктерге жетті:
- Masters Cup жеңісі (Португалия)
- Қазақстан Суперкубогы (x2)
- Қазақстан Кубогының жеңімпазы
- 2025 жылғы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері
«Қайрат футзал» клубы Марлон Веласкоға сіңірген еңбегі үшін алғысын білдіреді. Алдағы бапкерлік мансабында сәттілік пен табыс тілейміз», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или